Ведомство өкілдері қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салды.
ТЖД елорда тұрғындарына үндеу жасады
217
оқылды

Астана қалалық ТЖД жүргізушілерге қозғалыс кезінде өте сақ болуды ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК деректері бойынша 8 қарашада түнде қарлы боран күтілетінін хабарлайды. Түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/с болады", – деп ескертті құтқарушылар.

Астана ТЖД азаматтарға қатты жел кезінде жарақат алмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);
  • балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;
  • егер сіз қатты жел кезінде сыртта болсаңыз, жақын маңдағы кіреберісте немесе дүкенді паналаңыз;
  • үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;
  • қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, құрылысы бітпеген ғимараттарда жасырынуға болмайды;
  • қатты желде электр желісінің астында тұрып, үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;
  • жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Төтенше жағдайлар кезінде 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.