Продюсер ел алдында әйеліне алғыс айтты.
«Күміс тойымыз құтты болсын!»: Есен Елеукен алғаш рет отбасын көрсетті
Фото: instagram.com/eseneleuken_resmi/
479
оқылды

“Жайдарманның” президенті, продюсер Есен Елеукен алғаш рет көпшілікке отбасын көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Продюсер ел алдында әйеліне алғыс айтты. 

"Күні кеше ғана сияқты еді. Ширек ғасыр өте шығыпты. Осы деңгейде жүргенім отбасымның арқасы. Әрқашан тек қолдау көрсетіп, түсіністік танытты. Сүйікті жұмысыммен айналысуыма кедергі келтірмей, керісінше ақылшы болып, демеу берді. Қос қарлығашымның тәрбиесі осы жанның мойнында. Бар болғаныңа рақмет! Күміс тойымыз құтты болсын!", – деп жазды Есен Елеукен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.