102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Астанада полицейлері өмірден түңілген қызды құтқарды
Фото: pixabay.com
391
оқылды

Астанада тәртіп сақшылары қыз баланы құтқарып қалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

102 арнасына қала тұрғынынан құрбысының өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері Нұрсұлтан Динабеков пен Дәулет Тұрғынов бар патрульдік полиция экипажы дереу жетті.

Полицейлер бөлмеге 2-қабаттағы пандус арқылы кіруді ұйғарды. Динабеков балконның ашық терезесі арқылы пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде өзін жарақаттаған тұрғынды көрді. Тәртіп сақшысы жас қызды құтқарып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды. Тұрғынға шұғыл медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.