Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 жылуға дейін, таулы аудандарда + 5 градусқа дейін көтеріледі.
Боран, көктайғақ, жел: 9-11 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
321
оқылды

"Қазгидромет" РМК 9-11 қарашаға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазақстан аумағының басым бөлігін солтүстік циклон қамтиды, осыған байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады: қар жауады; батыс және оңтүстік өңірлерде жауын-шашын – жаңбыр, боранмен және көктайғақ құбылыстарымен қар жауады; елдің басым бөлігінде екпінді жел соғады, күші 15-29 м/с. 09 қарашада түнде Қостанай облысында, 10-11 қарашада республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады.

Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа температурасы 8-13 жылуға дейін, таулы аудандарда + 5 градусқа дейін көтеріледі", - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.