Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президент Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады
206
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сотталғандарды беру туралы келісімді ратификациялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

- Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - делінген ақпаратта.

Аталған келісімнің мақсаты – құқықтық ынтымақтастықты нығайту және сотталғандардың жазасын өз елінде өтеу арқылы қоғамға қайта бейімдеуіне ықпал ету.