Астанада 23 жастағы қыз дүкенде магнит жапсырмасын алып, киімді үстіне киіп, бутиктен шығып кеткен.
Астанада спорттық бутиктен киім ұрлаған қыз ұсталып қалды
Видеодан алынған кадр
381
оқылды

Нұра ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа қатысы бар қызды анықтады, – деп жазады Aikyn.kz.

Бұған дейін де ол осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Қыздың айтуынша, сауда орталығына келмес бұрын ол интернет желісі арқылы киімдегі магнит жапсырманы шешу жолдарын зерттеген.

Сауда залында орналасқан бейнебақылау камераларын қарау кезінде жедел уәкілдер бойжеткеннің заттармен бірге киім ауыстыру бөлмесіне кіріп, кейін қолында ештеңесіз шыққанын байқады. Ол жалпы құны 133 мың теңге болатын спорттық киімді сатып жіберген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, бойжеткеннің елорда аумағында осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.