Шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы қызмет органдары күштік құралдарының терроризм қауіптеріне қарсы жедел әрекет ету дайындығын тексеру.
Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді
GOV.KZ
254
оқылды

9 қарашада сағат 7:00-14:00 аралығында елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен қала аумағында «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» жағдайында (Абайдың 150 жылдығы көшесі, 22/3 үй) терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізу көзделген.

Оқу-жаттығу аясында белгілі деңгейде тыйымдар мен қаланың кейбір аудандарында жаяу жүру және көлік қозғалыстарына уақытша шектеулер енгізу қарастырылған.

"Осыған орай, азаматтарды өтіп жатқан шараға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және жалған ақпараттардың таралуына жол бермеуге шақырамыз", – деп жазды терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.