Блогер қызын әлеуметтік желі арқылы құттықтаған.
Бәрін жасаймыз: Төреғали Төреәлінің қарындасы 1 жасқа толған қызына Астанадан пәтер сыйлады
535
оқылды

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, әлеуметтік желіде белгілі блогер Фариза Төреәлі мен жұбайы бір жасқа толған қызы Дараға Астанадан пәтер сыйлады, - деп жазады Aikyn.kz.

"1 жыл бұрын жарқ етіп дүниеге сен келдің, қызым. Сене алар емеспін, зуылдап жатқан уақыт. Аллаһымның бізге берген ең үлкен бақыты, біз ұзақ күткен бақыт! Бір жыл бұрын, дәл осы күні сағат 13:05-те дүниеге Алла қалауымен өмірге алып келдім. Сол күндердің бәрін еске алып, көңілім босап отыр. Қызым, осындай махаббат барын мен тіпті білмеппін. Аналық сезімдерді сезіндірген, жүрекке ыстық лаулаған махаббатты салып қойған, сені бізге нәсіп еткен Раббымызға сансыз мадақтар. Ең бақыттылардың қатарында болуыңды, тағдырың ең көркем түрде болуын, амандығыңды әрқашан тілеп отырамыз. Бақыт деген – сен. Махаббат деген – сен. Қуаныш деген – сен. Бір жасың, құтты болсын жарығым", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Блогер мен күйеуі Дархан Нортаев пәтер сыйлау арқылы қыздарына инвестиция құймақ болған.

"Дархан екеуміздің атымыздан Даратайымызға Астана қаласынан үй сыйладық. Осы бастан болашағын ойлап, инвестиция жасауға Алла ой салды. Сен үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасаймыз", - деп жазды Фариза Төреәлі.