Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қордайда 17 жастағы қыздың денесі табылды
Жанара Каримова
462
оқылды

Қордай ауданында 17 жастағы қыздың денесі табылып, сотқа дейінгі тергеу басталды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, марқұм болған қыз 17 жаста болған.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

«ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар жариялауға жатпайды»,  делінген хабарламада.