Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мас күйде автобус жүргізіп, 40 жолаушыны тасымалдаған адам ұсталды
Фото: @POLICE_of_KZ
3,021
оқылды

Тәртіп сақшылары Астана-Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды. Онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады. 

Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. 

Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.