Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды.
Астана жастары самбодан әлем чемпионатында шетелдік жанкүйерлерді тәнті етті
Фото: gov.kz
700
оқылды

Жақсылық Үшкемпіров атындағы елордалық жекпе-жек сарайында 9 қарашада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеге әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлер жиналды. Қазақстан аумағында екінші рет ұйымдастырылған іс-шараға 80 елден 470-тен аса спортшы бақ сынады. 

Чемпионатта қазақстандық спортшыларды Астана жастарының белсенді қолдауы шетелдік қонақтарды таңғалдырды. Жастар қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетіп, плакаттар мен жалауларды желбіреткен олардың қатты дауыстары, ыстық ықыластары залды дүбірлетті. 

"Бүгін біз осы беделді турнирге қатысатын спортшыларымызды қолдау үшін белсенді жастармен жиналдық. Біз қазақстандық самбошыларға деген мақтанышымызды көрсету үшін Мемлекеттік туымызды алып келдік. Осылайша, қолдау көрсетіп жатырмыз", - деді Астана мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм. 

Ол халықаралық турнирлердегі бірліктің маңызын атап өтті.

Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың тазалықты ұстануы мен бірлігі де қуантады. Чемпионат аяқталғаннан кейін олар бірден кетпей, айналасындағы қоқысты жинай бастады. Тазалық жұмысына белсенділер, «Астана Жастары» еріктілері, сондай-ақ жанкүйерлер қосылды.

Көрермендер арасында елорда тұрғындарының белсенділігіне және олардың өз қаласына деген қамқорлығына таңданған шетелдік қонақтар да болды. Мұндай акциялар тазалыққа үндейтін, тазалық мәдениетін қалыптастыратын игі дәстүрге айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.