Күдікті қамауға алынды.
Таразда алаяқ психикалық ауруға шалдыққан әйелдің пәтерін сатып жіберген
451
оқылды

Жамбыл облысында алаяқ мүгедектігі бар әйелдің екі бөлмелі пәтерін сатып жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тараз қалалық прокуратурасы психикалық ауытқуы бар 1-топтағы 62 жастағы мүгедек әйелге тиесілі жылжымайтын мүлікті заңсыз иемдену фактісін анықтады.

– 2023 жылдың маусым айында алаяқ оның жағдайы мен дәрменсіздігін пайдаланып, Тараз қаласындағы «Қаратау» шағын ауданында орналасқан екі бөлмелі пәтерді 9 млн теңгеге сатып жіберген.

Прокуратураның талап арызы бойынша қалалық соттың 2024 жылғы 16 қыркүйектегі шешімімен пәтер иесіне қайтарылды, – делінген ақпаратта.

Сонымен қатар, қала прокуратурасы алаяққа қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық қудалауды бастап, күдікті қамауға алынды. Оның осыған ұқсас басқа да алаяқтыққа қатысы бар екені анықталды.