Бүгін Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 14 қарашада өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті және Палатаның осы аптадағы іс-шаралар жоспарын пысықтады.
Сенатта Қазақстан мен Қатардың Әскери ынтымақтастығы туралы заң қаралады
Фото: А.Байжұманов
233
оқылды

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар мемлекетінің Үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Келісім әскери білім беру, әскери қызметшілерді даярлау, әскери медицина, әскери ғылым, мәдени және спорттық іс-шаралар, бейбітшілікті қолдау жөніндегі операцияларға, жауынгерлік даярлыққа, сондай-ақ, өзге де бағыттарға байланысты мәселелер бойынша консультациялар саласындағы ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға арналған.

Сонымен қатар заң нормалары әскери ынтымақтастық саласы мен нысандарын айқындауды, Тараптардың әскери ынтымақтастығын үйлестіру жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін белгілеуді, әскери мүлік транзиті, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру, әуе кеңістігі мен әскери полигондарды пайдалану, тілдік даярлық жүргізу мәселелерін де реттеуді көздейді.

Одан бөлек, Бюро отырысында бұған дейін Мәжіліс қабылдаған заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.