Доллардың орташа сараланған бағасы 492,65 теңгеге жетті.
Қор биржасында доллар құны қымбаттады
1,215
оқылды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 11 қарашадағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағасы қымбаттағаны белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық банк бүгін доллар бағамын 491,71 теңге, еуроны 529,97 теңге, рубльді 5,05 теңге деп бекіткен болатын.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,91 теңгеге көтеріліп, 492,65 теңгені құрады.

Бүгін валюта айырбастау орындарында доллар 494,1-495,9 теңгеден, еуро 526-530 теңгеден, ал рубль 4,99-5,09 теңгеден сатылып жатыр.