Елдің басым бөлігінде екпінді жел болады деп болжануда.
Алдағы үш күнде аяз күшейіп, күн күрт суытады
2,686
оқылды

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болып, күн күрт суытады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қарлы бұрқасын, көктайғақ, сондай-ақ елдің басым бөлігінде екпінді жел болады деп болжануда.

12 қарашада Шығыс Қазақстан облысында, 12-13 қарашада республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қатты қар, 13 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде нөсер жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Тек батыс өңірлерде, 14 қарашада елдің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батыс аймақтарда ауа температурасының түнде 0-11 аяздан 8 градус аяз -3 градус жылуға дейін, Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығындағы өңірлерде түнде 8-18-ден 3-15 аязға дейін, күндіз 5-12-ден 0-8 аязға дейін, республиканың шығысында 13 қарашада ауа температурасының түнде 10-25 аязға дейін, күндіз 5-16 аязға дейін төмендеуі күтіледі.

14 қарашада түнде 7-20 градус аяз, күндіз 2-13 градус суық болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді, түнде +6 -6 градус, күндіз +3 - 5 градус аралығында болады.