Полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдіктінің жеке басын анықтады.
Алматы облысының тұрғыны ауылдасының 12 миллион теңге тұратын жылқыларын ұрлаған
711
оқылды

Алматы облысында полиция жайылымнан 14 жылқыны ұрлады деген күдікке ілінген тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қараша күні 39 жастағы жергілікті тұрғын 14 жылқының жоғалып кеткенін мәлімдеген кезде белгілі болды.

– Келтірілген шығын 12 миллион теңгені құрады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, – деп атап өтті Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Данияр.

Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері “ізін суытпай” күдіктінің жеке басын анықтады, ол жәбірленушінің ауылдасы болып шықты.