«AMANAT» партиясы жанындағы аграрлық сектордың мәселелері жөніндегі рес­публикалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырыста сарапшылар уақытша жер пайдалану бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті мөлшерін реттеу мәселесін талқылады.
Жерді жалға берудің шекті мөлшерін бекіту қажет
1,297
оқылды

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» пар­­­тиясы фракциясының мүшесі, аграр­лық сектор мәселесі жөніндегі кеңес­тің төрағасы Нұржан Әшім­бе­­товтің айтуынша, 2023 жылы уа­­­­­қыт­ша жер пайдалану құқығымен ел азаматтары мен заңды тұл­ға­ла­рына фермерлік шаруаларын жүр­гі­зу үшін жер учаскелерінің шекті мер­зімін бекіту бойынша қаулы б­е­кітілді.

«Бекітілген жер учаскелері бойын­­ша ауыл шаруашылығы же­р­­­ле­рін ұзартуға қатысты тауар өндіру­шілер бірқатар қиындыққа тап болды. Бұл мәселе ел экономикасына әсер етеді. Салық, халықтың табысы мен жерді тиімді пайдалану мә­се­ле­лері бар. Сондықтан осы мәселені жан-жақты қарап, талқылау керек», – дейді Әшімбетов.   

Өз кезегінде Kazakh grain union ас­тық одағының атқарушы дирек­то­ры Мұратбек Исабаев ауыл шаруа­шы­лығы жерлерін жалға берудің шек­ті мөлшері мәселесі қайта қара­латынын айтты.

«Ауыл шаруашылығы алқап­та­рының түрлері бойынша ауыл ша­руа­­шылығы мақсатындағы жер учас­келерінің шекті мөлшерін бекіту ту­ралы Үкіметтің 2023 жылғы 25 қаң­тардағы №42 қаулысы қабыл­дан­ды. Депутаттық корпус қазір ауыл ша­руашылығы тауарын өндіруші­лер­де бекітілген шекті мөлшерден асатын жерлерге жалдау мерзімін ұзарту бойынша қиындықтардың туын­дауына байланысты осы мөл­шерлерді қайта қарау мәселесін қоз­ғап отыр», – деді Исабаев. 

Ол осы мәселені шешу бойынша екі тәсілді ұсынды.

«Үкіметтің аталған қаулысына сіл­теме жасай отырып, адал және тиім­ді жұмыс істейтін агроқұрылым­дар­дан халықтың жер алуы барлық жер­де жүзеге асырылып жатқанын ха­барлаймыз. Осыған байланысты шұғыл түрде қаулыны тоқтату керек не­месе қолданып жатқан жерді пай­да­лану туралы шарттарына қолда­ныл­­майтыны жайлы норманы енгізу ке­рек. Осы екеуінің біреуін іске асы­ру қажет. Біз өз ұстанымымызды осы­лай білдірдік. Мемлекет бас­шы­сы­ның осы жылғы Жолдауындағы жер пайдалану мәселелерінің ұста­ны­мы да айқын екенін көруге бола­ды. «Егер жер пайдаланушы адал жұ­мыс істеп, инвестиция салса, қол­даныстағы өндірісті бұзуға жол бе­ріл­меуі тиіс» деген болатын. Мем­ле­кет басшысының қолдауымен заң­ға өзгерту енгізіледі деп ойлай­мыз», – дейді Исабаев.

Ал жерді пайдалану және қорғау жө­ніндегі бас мемлекеттік инспек­торы Мұрат Теміржанов максималды мөлшерден асатын жер учаскелері бар жер пайдаланушыларында туын­дай­тын мәселелердің фактілері жер пай­даланушылардың жалдау мерзі­мін ұзарту кезінде болғанын айтты.

«Қазір жер ресурстарын басқару ко­митеті жерді тиімді және ұтымды пай­далану қағидатын назарға ала оты­рып, мемлекеттік емес заңды тұл­ғада уақытша жер пайдалану құ­қы­ғында болуы мүмкін ауыл шаруа­шы­лығы мақсатындағы жер учас­ке­лері­нің шекті (ең жоғары) мөл­шерін қай­та қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл мәселенің тарихы 2016 жыл­дан бастап жалғасып келеді. Жер ре­формасы жөніндегі комиссия жер заңнамасының нормасы бойынша ұсы­нымдарды кейбір заңнамалық ак­тілеріне өзгерістер мен толық­ты­рулар енгізуді 2018 жылы қабылдаған бо­ла­тын. Жергілікті атқарушы ор­ган­дардың өкілдері мен «Атамекен» ҰКП, фермерлер мен сарапшылар кі­ретін комиссия әр өңірмен талқы­лау­лар жүргізді. Олардың қорытын­ды­сы бойынша ұсынымдар әзірле-ді», – дейді ол.

Еске салсақ, 2021 жылғы ақпанда Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, қандастарға, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғалар мен ше­телдік қатысуы бар заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға да, жекеменшікке де беруге жол бермеу жөніндегі саяси шешімді жариялады.

2021 жылдың 13 мамырында Жер ко­дексіне тиісті заңнамалық түзету­лер­ге қол қойылып, заңға тәуелді ак­ті­лерді бекіту жұмыстары бастал­ды. Тиісінше, әзірленіп жатқан заңға тәуелді актілер тізбесіне ауыл шар­уа­шылығы мақсатындағы жерлердің шек­ті мөлшерін бекіту туралы Үкі­мет қаулысының жобасы келіп түсті.

Үкімет қаулысының бұл жобасы 2021 жылғы 20 желтоқсанда Ашық НҚА интернет-порталында жария тал­қылау үшін жарияланды. Алайда об­лыстар қабылдаған ауыл шаруа­шы­лығы жерлерінің ауқымды алаң­дары бойынша бірлескен шешімдер қоғам қайраткерлерінің жағымсыз пікірі мен талқылауына себеп болды. Бұл туралы қаңтар айында Үкімет ап­параты хабардар болды. Бұл мәсе­ле әлеуметтік маңызды болған­дық­тан, Мемлекет басшысы Үкімет­тің кеңейтілген отырысында ауыл шар­уа­­­­шылығы жерлерінің шекті (ең жоғары) мөлшерін анықтау үшін са­рап­шылар мен ғылыми институт­тар­дың қатысуымен жұмыс тобын құру туралы тапсырма берген бола­тын.

Әсет ҚАЛИ