Жылда еңбек нарығына 250 мыңға тарта жас маман келеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрілігі мәлім етті.
Жұмыссыздықты шешудің жолы
234
оқылды

«Жастар жұмыссыздығы мәселесін шешу үшін Қазақстанда жұмысқа орналастырудың белсенді іс-шаралары да жүзеге асырылып жатыр. 2024 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша аймақтық жұмыспен қамту органы саналатын мансап орталықтарына 376 мың адам жүгінді, олардың 226 мыңы түрлі мемлекеттік қолдау түрлерін алды (оның ішінде жастардың үлесі – 180 мың адам). Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша оқу ұйымдарында кәсіби оқыту аясында 2,6 мың адам оқудан өтті, олардың 1,5 мыңы оқуды аяқтап, 1,2 мыңы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар Еңбек ресурстарын дамытуда бүкіл халық үшін оқытудың цифрлық нысандарына баса назар аударылды. 2021 жылдың шілдесінен бастап еңбек нарығында сұранысы бар бағыттар бойынша онлайн режимде қысқамерзімді оқытудың бірыңғай порталы іске қосылды (https://skills.enbek.kz)», – деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Skills enbek платформасында ТжКБ ұйымдары мен жоғары оқу орын­дарына микроквалификациялар­ды тану және WorldSkills алаңдарын дамыту үшін курстарды орналастыру мүмкіндігі беріліп отыр.

«Қазір бұл порталда 364 дағды бо­йынша 141 автордан 615 онлайн курс орналастырылған, оның 278-і халық үшін тегін. Одан бөлек, жұмыс берушілердің жұмыс орнында кә­сіби оқытуына 653 адам қатысты, оқуды аяқтағаннан кейін 385 адам жұмысқа орналастырылды. 3,5 мың жас өз бизнесін дамыту үшін грант алды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы    106 мың адам жұмыс тауып, бос жұмыс орындарына орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындары бағдарламаларына 5 мың адам, жастар практикасына – 1,8 мың адам, қоғамдық жұмыстарға – 27 мың адам қатысты. Бұл іс-шаралар жастарға алғашқы жұмыс тәжірибесін алуға және еңбек нарығына бейімделуге көмектеседі, олардың ел экономикасына интеграциялануына ықпал етеді», – делінген министрлік хабарламасында.