Әнші бұрынғы күйеуімен сөзге келіп, үйіне қайтып келгенде әкесі кіргізбей қойған сәтті еске алды.
«Қайтып келген қыз жаман»: әнші Мөлдір Әуелбекова отбасы туралы айтты
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova
1,250
оқылды

Әнші Мөлдір Әуелбекова Дина Төлепбергенге берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Әнші бұрынғы күйеуімен сөзге келіп, үйіне қайтып келгенде әкесі кіргізбей қойған сәтті еске алды. 

"Бірінші некемде түсініспеушіліктер болды. Бірде Алматыға жұмыс сапармен келдім. Ата-анам Алматыда, біз Астанада тұратын кез. Сол аралықта баламның әкесімен арадағы жанжал үдеп кетті. Үйдегілерге "Мен күйеуімнен кетемін, осы жерде қаламын" дедім. Әкем рұқсат бермеді. "Бұл жерде қала алмайсың" деп үйге кіргізбей қойды. Алайда отбасыма қайтып барған күннің өзінде жағдай мен жанжал үдей түсті. Әкемнің даналығын күйеуімнің туыстары түсінбеді. "Жексұрын болып, өзі қайтып келді. Қайтып келген қыз жаман" деп мені кінәлады. Соңында бәрі ажырасуға келіп тірелді. Мен өзім кетіп қалсам, әкем үйге кіргізбейтінін білдім. Жанжал болғанда кете алмайтынымды білдім. Бірақ бәріне шыдап, соңында өзі мені тастап кетті. Өзі тастап кеткен соң, әке-шешем қабылдайды ғой. Құшағын жайып қабылдады", - деді Мөлдір Әуелбекова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.