Актриса әлеуметтік желіде видео жариялады.
«Балам күшті, келінім оңбаған»: Айгүл Иманбаева келініне күн бермейтін енелерді сынады
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
902
оқылды

Актриса Айгүл Иманбаева ене мен келін тақырыбында сөз қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Актриса әлеуметтік желіде  видео жариялады. Онда келінді тәрбиелеудің қажеті жоқ екенін айтқан.

“Бүгінде өзім де келінмін, енемін. Қоғамда келін мен ене тақырыбы қашанда өзекті. Көпшіліктен келіп жатқан “Келініңізбен қарым-қатынасыңыз қалай? Өзіңіз қандай келінсіз, қандай енесіз?” деген сұрақтарға жауап беруді жөн көрдім. Менің ойымша, ене болып аяқ астынан образға кіріп, бірден ақылгөйсіп, келінді тәрбиелеудің еш қажеті жоқ. Тәрбие 13 жасқа дейін баланың бойына сіңеді. 13 жастан кейін баланы тәрбиелемейді. Ақылы бар ата-ана онымен дос, сырлас болады. Менің келінім де өз отбасынан алған тәрбиесін бойына сіңірген адам. Ол менің баламмен бас қосты екен деп, аяқ астынан ене образына кіріп, ақыл айту әбестік деп санаймын", – деді ол. 

Актриса үйге келін келгенде алдымен өзіңді тәрбиелеу керегін айтты.

“Қазақта "Санасына берсін" деген жақсы сөз бар. Әр бала өз отбасында қандай тәрбие көрді, соны өзімен бірге сенің үйіне алып келеді. "Менің балам күшті, келінім оңбаған" дейтін енелермен келіспеймін. Олай болмайды. Егер сен сондай келінді алсаң, ол жақсы болсын, жаман болсын, не өзің жақсысың, не өзің жамансың. Басқа шаңырақтан, басқа тәрбие көріп келген келін сенің үйіңе келгенде, сен өзіңді тәрбиелейсің. Егер ақылың болса. Оған ақыл айтып, жол көрсетіп, аяқ астынан ғұлама болудың қажеті жоқ", – деді Айгүл Иманбаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.