Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады.
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: 12 қарашаға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com
378
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 12 қарашада болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оған сәйкес, атмосфералық ағындардың өтуімен Қазақстанның аумағының басым бөлігінде бұрқасындатып, қар жауады, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде, елдің оңтүстік-батысында жаңбыр жаууы ықтимал.

«Республиканың шығысында қатты қар жаууы болжанады. Республика бойынша тұман, желдің күшейеді, елдің оңтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ болады»,-делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.