Айдай Исаева қыз ұзатуға арналған "Ашылсын сенің бағың" атты ән жазғызды.
“7 жылым бекер кетті“: модель Айдай Исаева өкінішін айтты
Фото: instagram.com/aiday_issayeva
2,800
оқылды

"Қазақ аруы" атымен танылған модель, тележүргізуші Айдай Исаева өмірдегі өкінішін айтып, алдағы жоспарымен бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz  Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Айдай Исаева қыз ұзатуға арналған "Ашылсын сенің бағың" атты ән жазғызды. Айтуынша, желідегі парақшасына "Мені ұзатып беріңізші" деп өтініш жасайтын қыз көбейген.

"Мен бұрыннан ән айтамын. Бірақ керемет дауысым бар демеймін. Бұл туралы мені бұрыннан танитындар біледі", - деді Исаева NTK телеарнасына берген сұхбатта.

Айдай Исаева 17 жыл бимен айналысқан. Өзінің айтуынша, 15 жасынан музыкалық топтарда ән шырқаған. Алайда өнер жолында жүруіне әкесі қарсы болған. Исаева "7 жылым медицина саласында оқуыма бекер кетті" деп өкінішін білдірді.

"Үйдің жалғыз қызымын, екі інім бар. Әкем сонда "жақсы диплом жақсы күйеу, сен медицинаға түс, басқаны не істейсің" деген. Медицинада 7 жылым бекер кетті ме деймін. Сондықтан мен аспаннан салбырап түскен жоқпын. Әншілікті қайта қолға аламын деп шештім", - деді жас әнші.
Оның айтуынша, жолдасы тойда ән айтуына қарсы болған. Бірақ мен оған тойда тек қыз ұзатамын, басқа ән айтпаймын деп сендірдім, -  дейді ағынан жарылған Исаева.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.