Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеп жазба жариялады.
Жұлдыз Әбдікәрімова маңызды мәлімдеме жасады
Фото: әлеуметтік желіден
633
оқылды

Әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жуырда баспасөз жиынын өткізетінін мәлімдеп жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Сенбі, жексенбі маған "парламенттен" деп біреу хабарласты. Әрине, алаяқ екенін бірден түсіндім. Оның айуынша, сот мәселесі бойынша ісімді шешіп бере қалмақшы. Алаяқ болғанда да су жұқпас, әккі екен. Лауазымды адамның атын жамылып, қорықпай банк шотын беріп, дәл қазір қомақты соманы аудара қалыңыз. "Шеф" өзі айналысып жатыр деді", - деп жазды актриса.

Ол сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын деп бекініп отыр.

"Оның командасы менімен кездеспей, мәселені біліспей, қалай қорықпайды деген сұрақ болды. Ақпарат іздей бастадым. Түйсік алдамады, әрине алаяқ болып шықты. Осындай қоңыраулардың көбеюіне байланысты мынадай шешім қабылдадым. Алдағы уақытта БАҚ өкілдерін жинап, баспасөз конференциясын өткіземін. Сот барысы бойынша барлық ақпаратты бөлісіп, осы алаяқтық туралы айтамын. Лауазымды адамның атын жамылып, маған хабарласқан адамның аты-жөні, номері және кімнің атына кір келтіріп жүргені туралы да ашық айтамын", - деп жазды ол. 

Актриса барлық жазбасын сақтап қойғанын айтты.

"Себебі ол топта мемлекеттік қызметкер бар. Сондықтан жазуға болмайды дейді. Мен бұл істі жай қалдырмаймын. Барлық жазбаны дәлел ретінде сақтап қойдым. Анықтаймын"- деп жазды Әбдукәрімова жеке парақшасында

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.