Ендігі жерде қазақстандықтар бұндай төлем жүргізгенде нақты төлеушіні (төлемді іске асыратын адамды) және нақты қаражатты алушыны (кімге ақша түсетінін), сондай-ақ резидент елінің кодын көрсетуге (егер алушы резидент болмаса) міндетті болады.
Қазақстан 11 қарашадан бастап төлемдерді бақылауды күшейтті: банк клиенттері үшін өзгерістер енгізілді
Фото: istockphoto.com
14,669
оқылды

11 қарашадан бастап Қазақстан қаржы саласында электрондық хабарламалармен алмасу үшін ISO 20022 халықаралық стандартына көшті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

kursiv.media жазуынша, бұл өзгерістер теңгемен жасалатын банкаралық төлемдерге, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитеті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемкорпорациясы және ҚР Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетіне арналған төлемдерге қатысты болмақ. 

Ендігі жерде қазақстандықтар бұндай төлем жүргізгенде нақты төлеушіні (төлемді іске асыратын адамды) және нақты қаражатты алушыны (кімге ақша түсетінін), сондай-ақ резидент елінің кодын көрсетуге (егер алушы резидент болмаса) міндетті болады. 

Егер нақты төлеуші мен алушы қаржыны жіберушінің бенефициарымен сәйкес келсе, төлем құжаттарында жаңа жолдарды толтырудың қажеті жоқ.

Клиенттерге төлем құжатының жаңа формасын алу үшін банктерге жүгіну керек. Көптеген ұйымдар оларды сайттарында орналастырған.

Бұған дейін Ұлттық банк хабарлағандай, халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді.

Бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.