Айтуынша, әртүрлі нұсқа тексеріліп жатыр.
Қорғаныс министрінің орынбасары Ақтөбе облысындағы тікұшақ апатына қатысты пікір білдірді
Фото: istockphoto.com
242
оқылды

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбе облысында тікұшақтың құлауына не себеп болғанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, әртүрлі нұсқа тексеріліп жатыр.

«Апатқа не себеп болғаны анықталып жатыр. Әртүрлі нұсқалар тексеріліп жатыр. Техникалық ақау да қарастырылып жатыр», – деді Шайх-Хасан Жазықбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Айта кетейік, өткен сенбіде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Сарыжар ауылында тікұшақ апатқа ұшырып, өртеніп кетті. Бір адам қаза тауып, екі адам ауруханаға жеткізілді. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.