Айтуынша, өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына соқтыратын нормалар бойынша қызу пікірталас болып жатыр.
Салық жобасындағы тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына соқтыратын нормалар талқыланып жатыр – Аймағамбетов
386
оқылды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Салық кодексінің жобасындағы бірқатар нормалар талқыланып жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Айтуынша, өмірлік маңызы бар тауарлар мен қызметтердің қымбаттауына соқтыратын нормалар бойынша қызу пікірталас болып жатыр.

"1. Білім. Корпоративтік салықты енгізу жекеменшік университеттердің, мектептер мен балабақшалардың бағасының өсуіне әкелуі мүмкін. Кәсіпкер өз пайдасын қайтсе де сақтап қалуға тырысады, сондықтан жаңа салық енгізілсе, ол қызметтің құнын өсіру арқылы шешімін табуы әбден ықтимал.

2. Дәрі-дәрмектер. Дәрі-дәрмектер мен олардың өндірісіне қажетті материалдарды ҚҚС (НДС) төлеуден босатылған тауарлар тізімінен алып тастау олардың қымбаттауына алып келеді. Бұл, әсіресе, тұрақты медициналық қолдауды қажет ететін азаматтарға ауыр тиеді. Зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтарға бұл қиындық тудыруы мүмкін.

3. Медициналық қызметтердің қымбаттауы. Медициналық қызметтерге ҚҚС енгізу олардың қымбаттауына алып келуі мүмкін.

Бұл кодекс қарапайым халыққа қосымша қаржылық жүктеме әкелмеуі тиіс. Сондықтан қажетті түзетулерді ұсындық", – деп жазды ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.