Осы дерек туралы Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева Facebook парақшасында пікірін жазды.
«Волонтерлер қозғалысының белсендісі әрі қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты шулы тергеу қайырымдылық көмегін көрсету механизмдерін жетілдірудің қажеттілігін тағы да еске салып отыр.
Қазіргі кезде Қазақстанда волонтерлік пен қайырымдылық белсенді түрде дамып келеді. Алайда бұл сонымен қатар алаяқтық пен пайдакүнемдік әрекеттерге де қолайлы жағдай туғызады.
Сондықтан барлық қазақстандықтарды қайырымдылық көмек операторларын мұқият зерттеуге және тек тексерілген әрі сенімді серіктестермен ғана жұмыс істеуге шақырамын», – деді министр Аида Балаева.
Бұған дейін көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.