Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді.
Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко Азия рейтингінде көш бастады
Фото: ҰОК
536
оқылды

Азия атқыштар конфедерациясы (ASC) жаңартылған рейтингін ұсынды. Стенд атудан екі бірдей қазақстандық спортшы бірінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Эдуард Ещенко “скит” жаттығуында 1629 ұпай жинап, көшбасшылық орнын сақтап тұр. Әйелдер арасында осы дисциплинада Әсем Орынбай 1722 ұпаймен азиялық рейтингтің бірінші сатысына шықты. Сонымен қатар, Зоя Кравченко 1130 ұпаймен жетінші орында.

“Трап” жаттығуында Мария Дмитриенко 1200 ұпаймен бесінші орынға жайғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.