«Анама ешкімнің ақшасы керек емес»: Баян Алагөзованың қызы «Қазақ аруы» байқауы туралы айтты

Блогерден әлеуметтік желідегі оқырман «Қазақ аруы» байқауының қаншалықты шынайы өткенін сұрады.

Продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек «Қазақ аруы» байқауын әділетсіз өтті дегендерге жауап берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Блогерден әлеуметтік желідегі оқырман «Қазақ аруы» байқауының қаншалықты шынайы өткенін сұраған. Айсәуле Бақытбек анасы байқауды әділ өткізгеніне сенімді екенін жеткізді.

«100 мың адам дауыс берді. Менің ойымша, таза жеңіс. Жеңімпазды әділетсіз таңдаудың маңызы жоқ. Байқауды жеке басының қамын ойлауы мүмкін дейтін «ағашка» емес, менің анам ұйымдастырды. Жеңімпаз қыздың біздің отбасыға ешқандай туыстық қатысы жоқ. Өзім кеше оны басқа қатысушы қыздармен бірге бірінші рет көрдім. Анама байқаудағы жеңіс үшін ұсынатын ақшаның қажеті де жоқ. Осыдан өздеріңіз қорытынды шығарсаңыздар болады», – деді Айсәуле Бақытбек.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.