Зейнеткердің өліміне ішкі ағзаларының зақымдануы себеп болғаны анықталды.
Ақтөбе облысында қызы анасын ұрып өлтірген
599
оқылды

Ақтөбе облысында қызы туған анасын ұрып өлтірген,  деп хабарлайды Aikyn.kz CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.

14 қараша күні таңертең Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 73 жастағы әйелдің мәйіті өз үйінен табылған.

Зейнеткердің өліміне ішкі ағзаларының зақымдануы себеп болғаны анықталды. Марқұмның 48 жастағы қызы күдікке ілінде. Екеуі бірге ішімдік ішкеннен кейін жанжал шығып, қызы анасын ұрып-соққан деп болжанып отыр. Әйел ұсталып, қамауға алынды.