Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің І форумында еліміздегі агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілу керегін сөз етті.
Қасым-Жомарт Тоқаев: Агроөнеркәсіп кешені – экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуы тиіс
202
оқылды

Агроөнеркәсіп кешеніне жан-жақты қолдау көрсетілуде. Негізгі мақсатымыз – ауыл шаруашылығының дамуына серпін беру. Бүгінде Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі индексіндегі еліміздің көрсеткіштері жақсарып келеді. 2022 жылы осы рейтингте 32-орынға шықтық. Қазақстан ТМД елдері ішінде көш бастап тұр. Бірақ жайбарақат отыруға болмайды. Ауыл шаруашылығы бәсекеге қабілетті озық сала болуы керек. Агроөнеркәсіп кешені экономикадағы басты қозғаушы күштің біріне айналуға тиіс. Бизнес те, мемлекет те осыған мүдделі. Бұл, ең алдымен, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан маңызды. Ауылдағы ағайынның тұрмысы да осы салаға тікелей байланысты, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.