Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумына қатысты.
Биыл шамамен 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн шығарылды – Президент
Фото: istockphoto.com/ru
801
оқылды

Форумда ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімді ету мәселесін айтты. Шаруалар үшін техниканы жаңартуға қыруар қаржы бөлінген. Бұл туралы Aikyn.kz  Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Мемлекет басшысының айтуынша, ауыл шаруашылығы техникасының қолжетімділігі өте маңызды.

«Мен ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту деңгейін жылына 8-10 пайызға дейін жеткізу жөнінде міндет қойдым. Бұл мақсатқа 120 миллиард теңге бөлініп, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын жылына 5 пайызбен жеңілдетілген лизингке беру бағдарламасы басталды.

Қазақстанда 8 ірі бірлескен кәсіпорын, соның ішінде «Клаас» неміс концерні мен ресейлік «Ростсельмаш» компаниясы табысты жұмыс істеп жатыр. Биыл шамамен 160 миллиард теңгеге жуық қаржыға 4,5 мыңнан астам трактор мен астық жинайтын 815 комбайн (оның 107-сі «Клаас» компаниясына тиесілі) шығарылды. Үкімет еңбек өнімділігін арттыруға, импортталатын қосалқы бөлшектерді локализациялап, ұсақ бөлшектерден құрастырылатын өндірісті қолдауға және тұрақты жұмыс орындарын ашуға баса мән беруі керек», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Бұған дейін жиында Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы ғылымын дамыту  жөнінде айтты.