«Қазақ аруы» байқауының жеңімпазы қайтадан анықталады: Баян Алагөзова күтпеген мәлімдеме жасады

Продюсер байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындады.

Продюсер Баян Мақсатқызы "Қазақ аруына" қатысты күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады. Продюсер байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындады. Айтуынша жарты миллионға жуық дауыс адам дауыс берген. Telegram боты дауысты қабылдамай қалған. Сондықтан "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қайтадан анықталады.

"Қазақ аруы" байқауына қатысты үлкен хабарлама жасағым келіп тұр. Біздің провайдерлер артылған жүкті көтере алмады. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арна барлық дауыс берушілерді көтере алмады. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген екен. Бұл байқаудың үлкен танымалдылыққа ие екенін білдіреді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр. ...Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа қайтадан Ақкербез лайық болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде», – деді Баян Алагөзова. 

Оның айтуынша, байқау телеарна эфирінен көрсетіледі. Тек дауыс беру үшін сілтеме жаңартылып, 2,5 сағат уақыт беріледі. Халық тікелей эфир барысында қайтадан дауыс бере алады.

Еске салайық, "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы атанған еді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.