Өнер иесінің анасы 12 перзентті дүниеге әкелген.
«Өмірге 12 бала әкелген»: Мақпал Жүнісова анасына арнап әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal
1,309
оқылды

Әнші Мақпал Жүнісова желіде анасын туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.    

Өнер иесі 12 перзентті дүниеге әкелген анасына әлі күнге дейін бала сияқты еркелеп жүргенін айтып, ұзақ ғұмыр тіледі. 

"Аллаға мың шүкірлер, бүгін ардақты анамыздың туған күні. Өмірге 12 құрсақ әкелген батыр анамызға бас иеміз. Қазір немерелер, шөберелер сүйіп отыр. Алла қолдап жүзге жеткеніңізді армандаймыз. Бізге тілеу тілеп, еш жамандыққа қимайтын аналарымыз төрімізде отырсын. Әлі де бала болып, еркелеп жүрміз. Аман болыңыз, анашым", - деп жазды Мақпал Жүнісова. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.