Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбектің жұбайы Мәди Амангелді Ақтөбеде өтіп жатқан дзюдодан Қазақстан чемпионатында топ жарды, – деп жазды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасаап.
Ол 81 келіге дейін салмақта күресті. Астаналық балуан финалда қызылордалық Айғали Қалдыбекті жеңді.
Дзюдодан Қазақстан чемпионаты:
81 келі
1. Мади Амангелді (Астана қаласы)
2. Айғали Қалдыбек (Қызылорда облысы)
3. Досхан Жолжақсынов (Жетісу облысы)
3. Азат Күмісбай (Маңғыстау облысы).
Айта кетейік, Мәди – Парижде өткен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Ақмарал Науатбектің жұбайы. Екеуі 2022 жылы үйленген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.