Оқиға Қарабалық ауданында болған.
Қостанай облысында балық аулауға шығып, жоғалып кеткен жасөспірімнің денесі табылды
Қостанай облыстық ТЖД
431
оқылды

Қостанай облысында 13 жастағы жасөспірім өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жасөспірім 16 қарашада жоғалып кеткен болатын. 

"Қостанай облысының Қарабалық ауданында 16 қарашада сағат 16:30 шамасында үйінен Тоғызақ өзеніне балық аулауға шығып кеткен 2011 жылы туған жасөспірімді іздеу жұмыстары басталды. Іздеу жұмыстарымен құтқарушылар, полицейлер, еріктілер айналысты. Іздестіру жұмыстарына жоғалған адамның туыстары, кинологиялық бригадалар мен жүзу құралдары жұмылдырылды", – деп хабарлады жергілікті ТЖД.

Алайда құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жеткіншектің денесін төтенше жағдайлар қызметі тауып, су бетіне шығарды.