Ян, мен сенің белбеуіңді алып кетуге келе жатырмын: Рахмонов мәлімдеме жасады

UFC Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі 7 желтоқсанда өтетінін хабарлады.

Жеңілмеген қазақстандық спорт шебері Шавкат Рахмонов титулдық жекпе-жекке қарсылас таңдау барысында бірқатар спортшылардан көңілі қалғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

UFC Шавкат Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі 7 желтоқсанда өтетінін хабарлады. Жекпе-жек UFC 310 турнирінің бес раундтық негізгі жарысы мәртебесіне ие болды. Сондай-ақ отандасымыздың қарсыласы ирландиялық Ян Мачадо Гарри болатыны да жария етілді.

Алғашында Рахмонов қазіргі белбеу иегері америкалық Белал Мұхаммедпен жұдырықтасады деп болжанған еді, бірақ ол сырқатына байланысты бас тартты.

Спортшы UFC-дің бұл шешіміне қатты ренжігенін айтып, пікір білдірді. Ол рингке өзімен жекпе-жекке шығуға келіспеген файтерлердің атын атап, намыстарына тиді.

"Біздің дивизионнан көңілім қалды. Белал, Леон, Колби, Камару, Джек, Шон – бәрің жанкүйерлердің көңілін қалдырдыңдар. Өз сөзіне жауап берген жалғыз-ақ адам болды. Ол – ​​Ян, және мен оны құрметтеймін. Бірақ қателеспе, Ян – мен сенің белбеуіңді алып кетуге келе жатырмын», – деп жазды Рахмонов.