Астананың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, оның ішінде 14-і ересек адам, үшеуі бала.
Ақмола облысында мешітте шыққан жарылыстан 16 адам зардап шекті. Олардың жағдайы қалай?
Денсаулық сақтау министрлігі
513
оқылды

Астанадағы ауруханаға Ақмола облысындағы Сабынды ауылында шыққан жарылыстан зардап шеккен 16 адам жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Зардап шеккен 7 адам жансақтау бөлімінде, тағы 7 адам Астана қаласындағы №1 қалалық аурухананың политравматология, эндопротездеу және комбустиология бөліміне орналастырылды. Алдын ала диагноз – әртүрлі дәрежедегі термиялық жалын күйік.

25-30 пайыз термиялық күйік алған үш бала Астанадағы №2 балалар ауруханасының реанимация бөліміне жатқызылды.