Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аймақтағы өкілдігі оқиға болған ғимарат мешіт емес екенін алға тартты.
Ақмола облысындағы мешітте болған жарылысқа қатысты ҚМДБ түсінік берді
1,727
оқылды

Науан Хазірет мешітінің желідегі парақшасында жарияланған деректе оқиға болған жер мешіт емес екенін айтылған, – деп жазады Aikyn.kz.

"Ақпарат көздеріндегі Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды ауылында орын алған оқиғаның мешітте болмағанын мәлімдейміз.

Сабынды ауылында «Жақсыкелді» мешіті халыққа қызмет көрсетіп тұр. 

Жарылыс болған ғимаратты жергілікті тұрғындар бұрын намазхана ретінде пайдаланған. Қазіргі уақытта намазхана ретінде де пайдаланбайды, себебі жаңа мешіт салынды", – делінген ақпаратта.

Дерекке қарағанда, жаңа мешіт салынған соң, ғимарат ас өткізетін орын ретінде пайдаланып келген.

"Қаза болған кісілердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Алла тағала көркем сабыр бергей", – делінген хабарламада.