Гастроэнтеролог Кэтрин Кашух құрманың пайдасын айтып, оның құрамындағы көптеген микроэлементтердің адам ағзасына қалай көмектесетінін мәлімдеді.
Құрманың адам ағзасына тигізетін пайдасы бар ма? Дәрігер жауабы
728
оқылды

Құрма дене жасушаларын қорғайтын антиоксиданттарға бай. Олардың арасында А дәрумені, сондай-ақ көру қабілетін сақтауға көмектесетін каротиндер бар, – деп жазады Aikyn.kz Life.ru басылымына сілтеме жасап.

“Сонымен қатар, бұл жемісте C, P және B дәрумендері, сондай-ақ жүрек-тамыр жүйесі мен иммунитетке пайдалы калий мен магний бар. Құрмада ас қорытуды жақсартатын талшықтар да кездеседі”, – деп қосты дәрігер.

Маман дегенмен қант диабетімен ауыратын адамдар құрманы сақтықпен тұтынуы керек екенін түсіндірді. Себебі бұл қандағы қанттың күрт көтерілуіне әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, асқазан-ішек жолдарының аурулары өршіп тұрған адамдарға да құрма жер кезде абай болған жөн. Себебі оның құрамындағы таниндердің көп болуы асқазанда ауырлық тудыруы мүмкін.