Әнші Жұлдыз Өмірғали OZMZ бағдарламасына берген сұхбатында отбасы туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол күйеуі, әнші Айқын Төлепбергенмен арақатынасы жайлы сөз қозғады.
«Айқын қатты қызғанады. Бұған етім үйреніп кетті. Енді жылдар өткен сайын өзгеріп келеді. Алғашқы жылдары ондай кезде бәрін түсіндіріп, дәлелдеп жүретінмін. Кейін уақыт өте жүйке клеткаларым қалпына келмейтінін түсіндім. Шаш ағарды, екі бала өсті. Қазір ата-енеммен тұрамыз, бала-шағамның көзінше жылап-еңірегеннен пайда жоқ екенін түсіндім. Қазір барынша қалыпты қабылдаймын. 19 бен 29 арасы да осындай деп білемін. Қазір қарым-қатынас басқа деңгейге көтерілді», – деді Жұлдыз Өмірғали.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.