Күдікті осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталған.
Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Фото: gov.kz
296
оқылды

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған», – делінген хабарламада.

Күдікті осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталған.

Қазақстан  Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.