Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Оман сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады
277
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.