Бұл туралы әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланды.
Талғар қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды
580
оқылды

Талғар қаласы әкімінің орынбасары жаңадан тағайындалды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы әкімдіктің Instagram парақшасында жарияланды.

"Талғар қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Бауыржан Ынтымакович Байбатыров тағайындалды",- делінген ақпаратта.

Бауыржан Ынтымакович Байбатыров 1987 жылы 29 қазанда дүниеге келген.

Білімі: Жоғары, “Орталық Азия Университеті”, құқықтану мамандығы.

Жалпы мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі: 8 жылдан астам.

Еңбек жолы:

2014 жылы Бөлек ауылдық округінің әкімдігінде жетекші маманнан бастап, бас маман лауазымына дейін көтерілді.

2018-2020 жылдары Еңбекшіқазақ ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы болды.

2023 жылдан бастап Талғар ауданы әкімінің аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.