Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Үнзила Шапақ «Әйелдер қанаты: Табысты жыл қорытындысы – ұлттық идеядан жаһандық ынтымаққа» форумында әйелдердің қоғамда белсенді болғанын сөз етті.
Әйелдер қай салада болмасын өте белсенді, білімді, сауатты – Үнзила Шапақ
846
оқылды

– Қазақстандағы әйелдердің қоғамда алатын рөлін, саяси және экономикалық мәртебесін арттыру – уақыт талабы. Бір жылдың ішінде біз де біршама жұмыс істедік. Біріншіден, барлық нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік сараптама жасау туралы бастаманы көтердік. Кейін нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік сараптама жасау бойынша методологиялық негіздер әзірленді, оны бірге жаздық. Тек гендерлік сараптамаға байланысты халықаралық ТОО-мен бірге екі үлкен семинар өткіздік. Қазір барлық мемлекеттік органдарға заң қызметінде жұмыс істейтін азаматтарды гендерлік сараптама жасау бойынша қосымша оқытып жатырмыз. Мұның өзі – үлкен жұмыс. Сонымен қатар қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге гендерлік мониторинг жасау мәселесі көтерілді.

Екіншіден,  Tomiris жобасы  жайында айтарым көп. Үш жыл қатарынан оның комиссия мүшесімін. Биыл  Tomiris   байқауына қатысушылар бірінен-бірі өткен ісмер әйелдер болды. Әрбір қатысушыларға көңіліміз толды. Жүйріктен жүйрікті таңдап, семинар өткізгенде әйелдердің қоғамдағы рөлі белсенді екенін байқадық. Қазір әйелдер қай салада болмасын өте белсенді, білімді, сауатты. Сондықтан мұндай белсенді әйелдердің саяси көзқарасының қалыптасуына, олардың жұмыс істеуіне «AMANAT» партиясының Әйелдер қанаты үлкен көмек көрсетіп жатыр, – дейді Үнзила Шапақ.