Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan–2024 республикалық жұмысшы мамандықтар чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау кезінде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев осылай мәлімдеді.
Ұлттық құзырет орталығы құрылады
1,075
оқылды

«Жұмысшы мамандықтар жылы іс-шаралар өткізу жылы ғана емес, кәсіптік техникалық білім беру саласына дем беретін мемлекеттік тапсырмалар мен стратегиялардың шешімі. Премьер-министр Ұлттық құзырет орталығын құру туралы ұсынысты қолдады. Орталық – Астанада, өңірлерде аймақтық филиалы болады», – деді министр.

Алдағы уақытта WorldSkills чемпио­натынан бөлек, AsiaSkills, EuropeSkills чемпионаты өтпек, келер жұмысшы мамандықтары жылын TurksSkills халықаралық чемпионаты қорытындылайды. Штаб пәтері Қазақстанда болады. 

«Соңғы үш жылда жақсы нәтиже көрсетіп келеміз, Парижде өткен EuropeSkills чемпионатында күміс, қола медаль ұтып алдық, әлемдік чемпионатта 6 медаль бұйыр­ды, енді Данияда өтетін чемпионатта алтын, күміс, қола медаль алып келуге жазсын», – деді Ғани Бейсембаев.