Жаңа ереже бойынша, Қазақстанға көлік құралдарын әкелетін заңды тұлғалар көліктің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын КҚТМ құжатына ие болуы тиіс.
1 желтоқсаннан бастап Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді
Фото: istockphoto.com
4,965
оқылды

Биылғы 1 желтоқсаннан бастап елімізге заңды тұлғалардың көлік құралдарын әкелу тәртібі өзгертіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

“Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің түсіндірмесіне сәйкес, дайындалған күнінен бастап 3 жылдан аз уақыт өткен және КҚТМ негізінде әкелінетін көлік құралдарын КҚТМ-да көрсетілген, ЕЭК Кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы № 130 шешімімен бекітілген ЕАЭО кедендік аумағына сәйкестігі міндетті бағалауға жататын өнімді ЕАЭО кедендік аумағына әкелу қағидаларының 10-тармағының б) тармақшасын қолдана отырып ресімделген тұлғалар ғана әкелуге құқығы бар”, – делінген комитет хабарламасында.

Жаңа ереже бойынша, Қазақстанға көлік құралдарын әкелетін заңды тұлғалар көліктің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын КҚТМ құжатына ие болуы тиіс.

Комитеттің хабарлауынша, бұл өзгерістер 2024 жылдың 1 желтоқсанынан бастап күшіне енеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.