Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды

Келтірілген шығын көлемі бір миллиард теңгеден асады.

Павлодарда қылмыс әлемінің серкесі ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәліметінше, 4 қарашада өңір прокуратурасының үйлестіруі бойынша Павлодардың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірін рейдерлік жолмен басып алуға күдікті қылмыс әлемінің серкесі ұсталған.

Келтірілген шығын көлемі бір миллиард теңгеден асады.

"Жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін рейдерлік жолмен басып алудың басқа да деректері анықталып жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша ҚМА.

Қазіргі уақытта соттың санкциясымен күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.