Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.
Алматы облысында 56 мұғалім жарты жылдан астам уақыт жалақы алмаған
Фото: istockphoto.com
945
оқылды

Алматы облысының прокуратурасы Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік гимназиясының мұғалімдерінің еңбек құқықтарын қалпына келтірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz

"Мектеп басшылығы банкроттық сатысында болғандықтан, мұғалімдерге алты айдан астам уақыт жалақы төлемеген. 56 мұғалімге қарыздың жалпы сомасы 40 млн теңгені құрады. Атқарушылық өндірістер жүргізілгеніне қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмаған", – делінген хабарламада.

Прокуратураның араласуының нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүліктері анықталып, сатылымға шығарылды. Түскен қаражат қарыздарды өтеуге бағытталып, педагогтердің еңбек құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

Прокуратура азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау жұмыстарын жалғастыруда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.