Өткен маусымда Дастан Сәтпаев QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанды.
16 жастағы қазақстандық "Челси" футбол клубына ауысуы мүмкін
1,041
оқылды

"Қайрат" U-18 футбол командасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев Лондондағы "Челси" клубының академиясына барып, қаралымнан өтеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Meta-ratings.kz-тің мәліметінше, осы қаралымнан соң 16 жастағы футболшының академияға қабылдану немесе басқа клубтарға ауысу мәселесі шешілмек. Сонымен қатар, Дастан Сәтпаевтың еуропалық басқа да беделді клубтардың назарында болуы мүмкін екені айтылуда.

Еске сала кетейік, өткен маусымда Дастан Сәтпаев QJ League турнирінің ең үздік ойыншысы атанып, "Қайраттың" негізгі құрамында кәсіби деңгейде дебют жасады. Ол футболдан Қазақстан кубогы аясында "Ақжайыққа" қарсы матчта (9:0) негізгі команда сапында өнер көрсетті. Сондай-ақ "Қайрат-Жастар" командасы құрамында Бірінші лигада бес матч өткізген болатын.